Атышулы танымал блогер Мадина Мамадалиева (лақап есімі – Мадлен) өзіне қатысты ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Блогер Instagram парақшасының Stories бөлімінде өзі туралы жұрттың ойын күтіп отырғанын айтты.
«Оқырмандарым мені Дубайдағы қызметім (ред. – интимдік) үшін қолма-қол алады деп ойлай ма, әлде шынымен де блог арқылы ақша табамын ба, осыны күтіп отырмын. Кімге қайсысы ыңғайлы», — деп жазды Мадлен.
Айта кетейік, осыған дейін блогердің эскорт қызметіне қатысы бар екені туралы сыбыс тарап, оқырмандарының бірі оның өзіне тікелей сұрақ қойған. Алайда, блогер бұл сыбыстың жалған екенін, бүкіл шығынын маңдай терімен тапқан ақшасымен өзі төлейтінін айтып, жауап берді.