Астанада «Дубай» шоколадын сатамын деп, жұрттың ақшасын жинап алып, із-түссіз кеткендер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтар тәттіні нарықтағы бағадан арзанға ұсынып, әлеуметтік желі арқылы жарнамалаған. Полицияға арызданған азамат бір шоколадты 15 мың теңгеге сатып алмақшы болған.
Алайда, ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған. Құқық қорғау органы осы іс бойынша 2 адамды қолға түсірді.
Олар өз кінәсін мойындаған. Қазір өзге де жәбірленушілердің бар-жоғы анықталып жатыр.
47