Фото: Риа Новости
Дубай-Мәскеу рейсімен ұшқан ресейлік «Победа» авиакомпаниясының Boeing ұшағы Каспий теңізінің үстінен ұшу кезінде апат туралы белгі берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар қызметінің агенттігі апат сигналын берген ұшақ Астраханға сәтті қонғанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.
«Дубай-Мәскеу бағыты бойынша DP992 рейсін орындаған ұшақ жүйелердің бірінің сенсорының жалған іске қосылуына байланысты «Астрахан» қосалқы әуе айлағына қонды. Ұшқыштар ұшақты штаттық режимде отырғызды», – деді авиакомпания.
Әуежай өкілінің айтуынша, ұшақтың жолаушылары аэровокзал кешенінің ғимаратына орналастырылған.
«2025 жылдың 29 қаңтарында Дубай-Мәскеу бағытымен жүретін DP992 рейсі техникалық себептерге байланысты жергілікті уақыт бойынша 19.16-да Астрахан әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Жолаушылар аэровокзал кешенінің ғимаратында, олармен федералды авиациялық ережелерге сәйкес авиакомпания өкілдері жұмыс істейді», – деп хабарлады әуежайда.