Досаев бір топ адамға «Алматының құрметті азаматы» атағын табыстады

Алматының әкімі Ерболат Досаев бір топ қоғам қайраткеріне «Құрметті азамат» атағын табыстады, деп хабарлады Qazaq.today.

Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтті.  Алматының әр түкпірінде мерекелік іс – шаралар-концерттер, көрмелер, флешбомдар, фестивальдар және тағы басқалар өтіп жатыр. Мереке Абай алаңындағы «Алматы жүрегімде» халықаралық байқауынан басталды. Қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтар құттықтады.

«Алматы Қазақстан тәуелсіздігінің «Алтын бесігі», еліміздің жаңа тарихы басталған қала деп аталады. Біздің қаламыздың басты құндылығы – сіздер, Алматы тұрғындары. Сіздер қаланы көркейтіп, алуан түрлі және қонақжай етесіз. Осы ерекше күні мегаполистің дамуына үлесін қосқан әр алматылыққа алғыс білдіремін», – деді Ерболат Досаев.

Құттықтау сөзінен кейін қала басшысы мегаполистің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қала тұрғындарын «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Олардың қатарына ғалымдар, дәрігерлер, суретшілер, қоғам қайраткерлері бар.

«Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қала әкімі Тұңғыш Президент саябағындағы «Alma Fest» фестиваліне қатысты. Мұнда «шөп диірмені» тақырыптық қондырғысы орнатылды. Алма жәрмеңкесінде 45 шаруашылық 125 тонна жеміс әкелді. Арбатта қала басшысы «Artbat Fest» заманауи өнер фестиваліне қатысты. Ерекше өнер нысандарының арқасында тақтайшаның аумағы нағыз ашық галереяға айналды. Фестиваль аясында Абай даңғылының қиылысындағы Байсейітова көшесінде күздің соңына дейін орналасқан 17 жұмыс орнатылды. Әр өнер объектісінің жанында жұмыс сипаттамасы, автордың идеясын түсіндіретін қораптар орнатылған»,- деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Алматының құрметті азаматы» атанған адамдардың тізімі:

1. «Дос-Мұқасан» аңызға айналған вокалды-аспапты ансамбль;
2. Көрнекті антрополог ғалым Оразақ Исмағұлов;
3. Белгілі суретші, «Қазақстан Суретшілер одағы» РҚБ мүшесі Алпысбай Қазғұлов;
4. Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова;
5. Қоғам қайраткері, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі» ҚБ төрағасы Мұрат Абдушукуров;
6. Мемлекет және саяси қайраткер Сәт Тоқпақбаев;
7. ҚР ҰҒА академигі Ғахип Уәлиев;
8. Ғалым-математик, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев;
9. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері, футболшы Құралбек Ордабаев;
10. «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжолова.