ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев доллар бағамының елдегі тауар құнына қаншалықты әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық порталы. Сенат отырысынан кейін тілшілер ведомство басшысына доллардың құнсыздануына байланысты тауар бағасы төмендеуі мүмкін бе деген сауал қойды.
«Баға арзандайды деген ойдамыз. Өйткені негізінен доллар бағамы көтерілгенде импорттық тауарлардың бағасы көтеріледі. Соған байланысты біз импорттық тауарлар біртіндеп азая бастайды. Жалпы экономикада инфляция төмендейді. Соңғы айларда ол 20 пайыздан асты. Ал екі-үш айдан кейін қайта төмендейді деп болжап отырмыз. Ал біз нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз аралығында көрсеттік. Енді жалпы бағаның төмендеуін күтеміз», — деді ол.
Еске салайық, Қазақстанда импорттық тауарлар ғана емес, әлеуметтік маңызы бар өнімдер де қымбаттаған болатын. Өткен айда Ұлттық статистика бюросы жылдық өсімнің 23,6 пайызды құрағанын хабарлады.