Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 538,01.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 537 — 543 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 — 5,27 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 28 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 516,19 теңге болған.
https://kaz.inform.kz/news/dollar-euro-men-rubldn-bugng-bagami-kanday-aaa1dc/