Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі видеолардың бірінде өзіне қатысты ақпаратқа қалжыңмен жауап беріп, 15 баласы бар ер адамға тұрмысқа шыққанын жазған.
Azattyq Rýhy мәліметінше, тележүргізуші Instagram желісінде таралған Reels-тардың бірінде өзіне қатысты видеоға пікір білдірді.
«Динара 10 баласы бар еркектің тоқалы болды», – деп жазылған видеода.
Алайда тележүргізуші видео авторының қате жазғанын айтып, дұрыс нұсқасын жазды.
«10 емес 15», – деп Динара Сәтжан қысқа қайырды.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын тележүргізуші Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шығып, күйеуінің тегін алғаны белгілі болды.