Димаштың әндерінен кейін қазақша үйренген шетелдік әйел Көшпенділер ойынында жүр

Димаш Құдайбергеновтың егде жастағы жанкүйері швейцариялық Эстер Ульман Қазақстанға бесінші рет келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Ол Астана өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалап жүр.

«Сәлеметсіз бе, Қазақстан, мен көшпенділер ойындарын және Димаштың концертін көруге келдім. Іс-шара өте керемет ұйымдастырылған. Маған қатты ұнады», — дейді  ол.

Швейцариялда тұратын 65 жастағы Эстер Ульман Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына ғашық болып, қазақ тілін үйренген. Ол қазақтың салт-дәстүріне қызығады, қазақша әшекейлер тағып, ұлттық тағамдарды әзірлей алады.

29