[ad_1]
Белгілі әнші Димаш Құдайберген Сиань қаласында Қытай және Орталық Азия елдері басшыларының алдында өнер көрсетті.
Осы жердегі Лотос саябағында «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Сарай алдындағы алаңда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев театрландырылған қойылымды тамашалады.
Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Бүгін «Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары жоспарланған.