16 қыркүйекте Димаш Құдайбергенмен бірге кадрға іліккен астаналық мобилограф Нұрасыл Бектұрғанов әріптестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Кадрларда Астанада өткен концерт барысында танымал әншінің мобилографты құлаудан қалай құтқарып қалғанын көруге болады.
«Иә, барлығыңыз көргендей бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш Құдайбергенге рахмет!»,- деп жазды Нұрасыл өзінің Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, ол жазба соңында өзінің әріптестерін жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға, сақтыққа шақырды.
Фото: Instagram/nurasyl_bekturganov