Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дубайда DIAFA жүлдесінің иегері атанды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әртіс Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«DIAFA-ға өнерге қосқан үлес үшін берген сыйлыққа рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», — деп жазды Димаш.

DIAFA (Distinctive International Arab Festivals Awards) — Дубайда жыл сайын өткізілетін халықаралық премия. Ол өнер, мәдениет, бизнес және гуманитарлық жұмыстарға қосқан үлестері үшін әртүрлі елдердің көрнекті тұлғаларын атап өтеді. Лауреаттар жетістіктері мен халықаралық сахнадағы ықпалы үшін таңдалады.