Димаш Құдайберген Ақтауда мүгедек жігіттің арманын орындады (ВИДЕО)

Әнші Димаш Құдайберген Ақтаудағы концерттен кейін 23 жастағы мүмкіндігі шектеулі жанмен кездесті.

Ерекше жанның көптен бергі арманы сүйікті әншісімен жүздесу болған. Бұл арманы дәл осы тарихи күнде орындалды.

Кездесу барысында Димаш баланың анасына гүл шоғын тарту етіп, шынайы лебізін білдірді. Анасы да ізгі ниетін жеткізді.

«Ұлым көптен бері Димашпен кездесуді армандап келді. Бұл күні арманы орындалды. Ұлымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Димашқа аналық алғысымды білдіремін», — деп жүрекжарды сөзін айтты.

Димаш өзіне жанкүйер болып жүрген қазақ жігітіне алғысын білдіріп, қолындағы білезігін сыйға тартты.

Кездесу соңында Димаш пен фанаты «Махаббат бер маған, тағдыр» әнін қосыла шырқады.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген Ақтауда өткен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына арнайы келген болатын.