«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», — делінген Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Кейіннен ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арман» ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын.