«Дикий Арман» 20 жылға сотталып кетті

Коллаж: ulysmedia.kz 

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, бұған дейін «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған Бердах Бекетов Қаңтардағы бүлікке қатысқаны үшін 7 жылға сотталғанын хабарлағанбыз.