Digital Almaty Awards 2024 форумының жеңімпаздары марапатталды

Фото: Александр Павский/Kazinform

«Digital Almaty-2024»  халықаралық форумы аясында цифрландыру саласында үздік жетістіктерге жеткен жоба иелері марапатталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкімет басшыларының пленарлық отырысы аясында өтті.

Марапат мұнай, тау-кен өнеркәсібі, өнеркәсіптік инновациялар, саладағы әйелдер көшбасшылығы, IT көшбасшылығы, экологиялық, әлеуметтік және басқару жауапкершілігі (ESG) және блокчейн технологиясын қамтитын негізгі жеті номинация бойынша берілді.

Форум
Фото: Александр Павский/Kazinform

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Blockchain Innovation Award — Blockchain Center, Айдана Қасқырбек, CEO & Founder;

Mining Site Digitalization Award – «Шұбаркөл Премиум» АҚ, бас директоры Фарит Азизов;

Innovative Industrial Solution Award – «AG TECH» ЖШС бас директоры Александр Подвалов;

Oil Field Digitalizat – «KAZPETROL GROUP» ЖШС кен орындарының директоры Дастан Солтыбеков;

ESG Innovation in Industry Award – «FACEPLATE» ЖШС президенті Ержан Жанзақов;

Industrial CIO Excellence Award – «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС техникалық директордың цифрлық технологиялар және автоматты басқару жүйелері жөніндегі орынбасары Владислав Черепанов;

Female Industrial Leadership Award – «AltynEx Company» АҚ Басқарма төрағасы Юлия Алимова;

Форумды ұйымдастырушылардың айтуынша, Digital Almaty Awards сыйлығы Digital Almaty халықаралы цифрлық форумы аясында жыл сайын, дәстүрлі түрде берілетін марапатқа айналды.

Сыйлық алғаш рет 2020 жылы «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында табыс етілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат