«Дер кезінде көмек алмаған»: Шу ауруханасында көз жұмған келіншектің жақындары әділдік іздеп әлек (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Жүкті әйелдің денесін аурухананың жертөлесінен тауып алған жақындары журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Марқұмның ата-анасы мен жұбайы медицина қызметкерлерінің салғырттығына наразы. Олардың айтуынша, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпей, келіншектің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болмаған. 25 жастағы Әдемі есімді әйел жүктілігінің 33 аптасында Шу қалалық ауруханасына түскен.

Жақындарының сөзінше, 9 наурыз күні ол аурухананың әжетханасында есінен танып құлап қалған. Дәрігерлер сол күні таңертең оның құрсағындағы баласын алып тастаған. Алайда өзі есін жимастан, 22 наурызда қайтыс болған. Марқұмның туыстары оны есінен танғаннан кейін ұзақ уақыт бойы қараусыз қалдырғанын айтады. Ең сорақысы – мәйітті күйеуі белгісіз бір бөлмеден тапқан.

Желі қолданушылары бала тірі болып, оны сатып жіберуі де мүмкін деген болжамдарын жарыса жазуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)