Фото: Парламент баспасөз қызметі
Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының ұсынуымен мәжіліс депутаты Асқар Садықовты мандатынан айырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында пайда болды.
«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 1 қаулысының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықовтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы парламенті», – делінген хабарламада.
Ал партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің Telegram-арнасында бұл шешімге «А.Садықовтың депутаттық мәртебеге келмейтін әрекеттері негіз болғанын» айтты.
«Бұл шешімге А.Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды», – деп жазды Перуашев.