Депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Фото: AKNIET GROUP баспасөз қызметі

Руслан Берденов енді Мәжіліс депутаты емес. Депутаттар Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дауыс берді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Руслан Берденовке алғыс хат табыс етті.

«Барлық депутаттың атынан Руслан Арысбекұлына Мәжіліс қабырғасында белсенді жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін», — деді Қошанов.

Айта кетейік, жуырда Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды. Ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.