Сенат депутаттары Денис Шипптың кандидатурасын Жоғарғы Сот судьясы ретінде мақұлдады, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
Мұндай ұсынысты Сенатқа қарауға Мемлекет басшысы енгізген болатын.
Денис Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін академик Королев атындағы жоғары оқу орнында тәмамдаған.
Әр жылдары Денис Шипп ағылшын тілінен аудармашы, салық милициясының инспекторы болып жұмыс істеді. Петропавл қалалық сотының және Алматыдағы мамандандырылған қаржы сотының судьясы болды. 2011-2015 жылдар аралығында Алматының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы қызметін атқарған. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың судьясы болған.
Соңғы уақытта Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 19 қыркүйекте бұл лауазымнан босатылған болатын.