Фото: 24.kz/
Атырау мұнай өңдеу зауытында болған оқыс оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Басшылықтың тапсырмасына қарсы шыққан жұмысшы өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Денесін өткір затпен кескілеген АМӨЗ жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін еді. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы механикалық жөндеу цехының 4-разрядты жөндеушісі жылу оқшаулаушылар тобына енгізілген. Ол цех басшысының шешімімен келіспей, денесін кескілеп тастаған.