Денесі екіге бөлініп кетті: Сәтбаевта 13 жастағы қызды көлік қағып өлтірді (ВИДЕО)

Сәтбаевта 13 жастағы қызды көлік қағып кетті.

16 маусым күні Сәтбаев қаласында жаяу жүргіншілер өткелінде қайғылы жол апаты орын алды.

Полиция мәліметінше, 13 жастағы қызды көлік қағып кеткен. Қатты соққыдан кейін қыз өтіп бара жатқан екінші автокөліктің астына түсті. Алған жарақаттарынан қыз оқиға орнында қаза болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.