Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.

2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы;

2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде үшінші хатшы;

2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы;

2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы;

2007-2008 жылдары – сарапшы, ҚР президенті хаттамаларының консультанты;

2008-2009 жылдары – ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары;

2009-2011 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

2011 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы;

2013 жылы ҚР президентінің кеңесшісі;

2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды.

2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды

2023 жылдың 2 наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Qazaq.today