скриншот/ Jogargy_sot
Шерзат Болат ісіндегі негізгі куәлар мен айыпталушылардан сот жауап алып болды. Бүгінгі сотта мемлекеттік айыптаушылар және екі тараптың қорғаушылары мен сотталушылар арасында жарыссөз басталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеді. Сотқа барлығы 9 жігіт тартылып жатыр. Олардың барлығы сотта алғашқы тергеу кезінде берген жауаптарынан жалтарып бақты.
Күдіктілерге тағылған айыпты естеріңізге сала кетейін:
1. Абзал Шынасыл — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіру” (99-бап 2-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап);
2. Равиль Сакиев — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі), “Адам өлтіруге оқталу” (24-бап 2-бөлігі);
3. Шыңғыс Белғожаев — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
4. Дархан Әскентай — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
5. Нұрқияс Ілиясов — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
6. Марат Тоқтаубаев — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
7. Дидар Қалиахмет — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөлігі);
8. Азамат Тоқтаубаев — “Бұзақылық” (293-бап 3-бөліігі);
9. Думан Ыскақ Кайдарұлы, кәмелетке толмаған. 434-бап бойынша айып тағылған.
Сотталушылар жауапталып болғасын іс материалдары зерттеледі. Бүгінгі сот отырысын сайтымыздан тікелей эфирде көріңіз.