Дәулет Тұрлыханов ұлының сот үкіміне қатысты пікір білдірді

Фото: adyrna.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Болат Нұрасылға кесілген сот үкімінің өзгеруіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Сот шешімі бар, бірақ ата-ана ретінде әрқашан ұлым үшін алаңдаймын», — деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, кеше Жоғарғы сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына кесілген үкімді өзгертті.