Дәрігерлер әйел жатырынан 6 келі миоманы алып тастады

48 жастағы науқастың ауруханаға өте ауыр жағдайда түскені белгілі болып отыр, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының гинеколог дәрігерлерінің жатыр миомасы диагнозы бар науқасқа сәтті ота жасағаны хабарланды.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, науқас бірнеше жыл гинекологқа қаралмаған және ішінің ұлғаю себебін білуге тырыспаған.

Медициналық көмекке денсаулығы сыр берген соң ғана жүгінген. Отаны тәжірибелі гинеколог дәрігерлер Риза Керемқұлова, Ажар Амангелді және Дархан Молдабек жасаған.

– Операция барысында біз салмағы 6 келі болатын жатыр миомасын алып тастадық. Қысылып қалған ішкі ағзаларды босаттық, ілеспе жабысқақ түзілімдерді алып тастадық, – дейді гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Р.Керемқұлова.

Сәтті ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жасалған. Дәрігерлер өз кезегінде әйелдердің жылына мінедетті түрде екі рет гинекологқа қаралу керегін айтып отыр.

404