Батыс Қазақстан облысында дәрігердің салғырттығынан бір азамат аяғынан айырылды. Бұл туралы Qazaq.today сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Фото: allmed.pro
Облыстық соттың мәліметінше, Жәнібек аудандық сотында «Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің өз міндеттерін тиісінше орындамауы» туралы ҚК 317-бабы бойынша іс қаралды. Сотталушы аудандық ауруханада хирург болып жұмыс істеген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол жұмысына немқұрайлы қараған.
2023 жылдың 25 қазанында зардап шегуші аяғын жарақаттап алған. Оны ауруханаға жеткізгенде, дәрігерлер жараны антисептиктермен өңдеп, өлі тіндерді алып тастап, тігіп тастаған. Алайда, жара дұрыс тазаланбағандықтан, іріңді экссудаттың ағуына мүмкіндік болмаған. Нәтижесінде тіндер ісініп, инфекция пайда болған.
2024 жылдың 10 қарашасында зардап шегушінің оң аяғы тобық деңгейінде кесіліп тасталды. Сотта зардап шегуші хирургтің шығынды өтеп, медиация тәртібімен татуласқанын мәлімдеді. Ол дәрігерді кешіріп, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді.
Сот қылмыстық істің материалдарын зерттеп, бағалап, сотталушының жасаған қылмыстық әрекеті ауырлығы аз қылмыстар санатына жататынын анықтады.
Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.