Түркістан облысындағы психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен емделген 17 жастағы қызды екі санитар жігіт зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Ақ қалаттылардың иттік әрекетін Отырар телеарнасына қыздың анасы айтып берген. Қыздың аяғы ауыр болып қалған.
«Қызым осы психикалық орталыққа келгеннен кейін екі айдан соң аяғы ауыр екенін білдім. Екі рет тексеруге апардым, екеуінде де аяғы ауыр екені расталды. Ал босанған кезде, қатты қиналғанда маған осы орталықтың санитарлары көрсеткен қорлықтың бәрін айтып берді. Екі санитар жігіт оны бір емес, бірнеше рет зорлаған. Бейнебақылау камералары жоқ бөлмеге апарып, аминазин деген дәрі егіп, темір төсекке байлап, ойларына келгенін істеген. Тіпті, сатыға жатқызым алып, аурухананың үстіңгі қабатындағы қараңғы бөлмеге апарып зорлаған», — дейді жасөспірімнің анасы телеарнаға берген сұхбатында.
Расталмаған мәлімет бойынша, осы орталықта жатқан тағы бір бойжет туыстарына «екі санитардан зорлық көрдім» деп айтқан. 22 жастағы қызда зорланған. Алайда қыз анасының арызын полиция қабылдаудан бас тартқан.
Психиатриалық орталықтың өкілдері Отырар телеарнасына комментарий беруден бас тартқан екен. Ал полиция болса қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүріп жатқанын ғана айтумен шектелген. 17 жастағы қызды жігіттер тазалық бөлмесіне ауыстырамыз деген сылтаумен қараңғы жерге көтеріп апарған. Аяғы ауыр болып қалған қызға жасанды түсік тастатқан. Бұл жағдай қыздың денсаулығын онсызда нашарлатып жіберген.
Пациентки психиатрической больницы заявили о насилии
Фото: Qazaq.today