Әлеуметтік желіде адам шошырлық оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның газдалған сусын мен қытырлақ картопқа әуес болғаны туралы айтылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Видеода ер адамның бетіне жара шығып кеткенін байқауға болады.
«Коланы көп ішіп, чипсы дегенді көп жейді. Содан осындай болды деп ойлаймын. Іш-құрылысын тексерттік. Анализдерін көрдім. Инфекция жоқ деді. Қаны таза. Лейкоциттері қалыпты жағдайда. Қабыну жоқ. Тамақ ішкен соң дереу дәретханаға жүгіреді. Содан күдіктендік», — дейді видеодағы әйел адам.
Дәрігердің айтуынша, ішкен асына байланысты асқазаны зардап шеккен.
«Сіздің диагнозыңыз дұрыс. Асқазанында түк қалмаған. Кола көп ішіп, чипсы көп жегеннен асқазанының түгі қырылып кеткен», — дейді дәрігер.