«Chia Tai Tianging Group-қа 83 млн теңге салған» — шымкенттіктер қаржы пирамидасына алданған

«Chia Tai Tianging Group» қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме беріп. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше,  2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.

 

“Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз”, – делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Qnet LTD қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жазадан құтылып кеткен болатын.

 

Qazaq.today