Еуро-2024 аясындағы Чехия мен Түркия матчында Штутгартта фан-зонада 25 жастағы ер адам пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Бұл шабуыл салдарынан үш адам жарақат алды. Қылмыскерге адам өлтіруге оқталу айыбы тағылды. Жарақат алғандардың бірі 19 жастағы неміс, ал екеуі Түркия азаматтары, жастары 38 және 60», — деп хабарлайды Championat Sky Sport Germany-ге сілтеме жасап.
Group F ✅
Portugal, Türkiye & Georgia go through! 👏#EURO2024 pic.twitter.com/z6pYkaXqMz
— UEFA EURO 2024 (@EURO2024) June 26, 2024
Еске сала кетсек, Еуро-2024 топтық кезеңінің нәтижесінде Чехия құрамасы бір ұпай жинап, F квартетінде төртінші, соңғы орынды иеленді. Ал Түркия құрамасы алты ұпаймен екінші орынға жайғасты. Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Түркия құрамасы Австриямен кездеседі.