ChatGPT-дің қызметінде ақау пайда болды

OpenAI ChatGPT веб-сайтында жаһандық ақау болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Соңғы күні ChatGPT-ге қатысты АҚШ-тағы пайдаланушылардан 14 000-нан астам шағым түсті, Нидерланды, Германия және Қазақстан сияқты басқа елдерден де ақаулар туралы хабарламалар келіп түсті.

Кейбір пайдаланушылар ChatGPT-дегі аккаунтына кіре алмады, ал басқалары сайтты мүлдем аша алмайды.
Сонымен қатар Reddit форумының пайдаланушылары AI тіл үлгісі веб-сайтының жұмыс істемейтінін растады.

Айта кетейік, ChatGPT соңғы жаһандық өшуі 11 желтоқсанда орын алды.