Қазақстанға Ресей премьер-министрі Мишустин келді

Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин жексенбі, 24 қыркүйекте Қазақстанға ұшып келді. Ол «Иннопром. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысады. РФ Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Ресей премьер-министрін әуежайдан Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев, Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен, еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі директорының орынбасары Жансерік Әлімжанов, сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы…

Толық оқу

Бас Прокурор Бакуде ТМД елдері бас прокурорларының жиынына қатысты

Еліміздің Бас Прокуроры Берік Асылов Баку қаласында ТМД елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 33-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі. Қадағалау органының басшысы өз сөзінде бас прокурорлардың үйлестіру кеңесі бойынша шетелдік әріптестерімен Қазақстан прокуратурасының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. ТМД-ның барлық елдері прокуратураларының қадағалау қызметінде басымдық болып табылатын адам…

Толық оқу

Өзбекстанда президент сайлауы өтті

Өзбекстан Республикасында кезектен тыс президент сайлауы болды. Дауыс беру кеше таңертеңгі сағат 08:00-де басталып, кешкі 20:00-де аяқталды. Ташкент қаласы «Яккасарай» ауданына қарасты 576 сайлау учаскесіне 2 мың 14 азамат тіркеліп, олардың 80 пайыздан астамы сайлауға қатысып, өздері таңдаған кандидатқа дауыс берді. Бұл сайлау учаскесіне 23 халықаралық бақылаушы келіп, дауыс беруді бақылады. Учаскеде сағат 20:00-де дауыс…

Толық оқу

Қазақстан азаматы Таиландта қамауға алынды

Қазақстандық Таиландта 45 тәулікке қамалды. Жерлесіміз мемлекетте жүрудің тәртібін бұзған.  Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қамалған қазақстандық туралы  растады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Журналистер ресми өкілден Таиландта қазақстандықтың ресейлікке жасаған шабуылы туралы сұрады. “Біз тай билігінен ақпарат сұраттық. Олар ақпаратты растады. Оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Тай полициясы 45 тәулікке қамауға алды….

Толық оқу

«Рекорд»: былтыр Түркияға 51,4 млн турист келген

Түркия туристерді тарту бойынша әлемде үшінші орынға шықты. Түркия мемлекеті туризмді дамыту бойынша маңызды бағдарламаларды өткен ғасырдың сексенінші жылдары бастаған. Арада қырық жыл өткенде Анадолы елі Американы басып озып, туристер көп келетін мемлекеттердің ішінде үшінші орынға бірақ шыққан. Алматыда қазақ журналистерімен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджынының…

Толық оқу