
Қырғызстанда күшті сел бір үйдің 5 адамын ағызып әкетті
Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде 5 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті, деп хабарлады 24.kg. Ош қаласының «Молбұлақ» демалыс орталығында демалып жатқан 5 адамды тасқын су алып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде қала мэриясының басшысы Жұмамидин Сулайманқұлов мәлімдеді. «Сондай-ақ ағын су 7 көлікті ағызып әкетті, оның төртеуі табылды», — дейді ол. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖМ-нің…