Асад режимі құлаған Сирияда жаңа наразылық басталды

Фото: reuters Христиан дінін ұстанатын сириялықтар наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Христиандар көп тұратын Сукайлабия қаласында Рождество мейрамына арналған шыршаны бетперде киген адамдар өртеп жіберген соң, адамдар көшеге шықты. Башар Асад режимін құлатқан «Хайят Тахрир аш-Шам» ислам фракциясы шыршаны өртеген шетелдік содырларды ұстағанын хабарлаған және діни этникалық азшылықты қорғауға уәде берген….

Толық оқу

Жерорта теңізінде ресейлік кеме батып кетті

Ресейдің жүк кемесі Жерорта теңізінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды iQazaq Today ақпарат порталы El Espanol басылымына сілтеме жасап. «Ресейлік Ursa Major жүк кемесі дүйсенбіде машина бөлмесінде болған жарылыстан кейін Агилас (Испанияның Мурсия провинциясы) мен Оран (Алжир) қаласы арасындағы суларда батып кетті. Экипаждың 14 мүшесі құтқарылып, Картахена портына жеткізілді. Тағы екі адам әлі күнге дейін табылмады», — деп…

Толық оқу

Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды

Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке cілтеме жасап. Бұл туралы кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады. Оның айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған. «Бұл — Алланың…

Толық оқу

Тағы бір ел TikTok-тан бас тартты

Албания билігі TikTok әлеуметтік желісін пайдалануды жоқ дегенде бір жылға шектейді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл шектеу 2025 жылдың басынан бастап күшіне енеді. «Біз оны бір жылға жабамыз, оқушылардың біліміне қызмет ететін және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгізуді бастаймыз», – деді Албания премьер-министрі. Әлеуметтік желіні бұғаттау туралы…

Толық оқу

Қытайда әлемдегі ең үлкен әуежай салынады

Фото: bloomberg.com Қытайда әлемдегі ең ірі халықаралық әуежайдың құрылысы басталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жоба бойынша төрт ұшу-қону жолағы және үлкен терминал болады. Әуе айлағы қолдан жасалған аралда орналасады. Әуежай жылына 80 миллионнан аса жолаушыны қабылдайды.  Ғимараттың жобалау-сметалық құжаты 2003 жылы дайын болған. Бірақ құрылыс жұмыстары бірнеше жыл бұрын ғана қолға алынды.

Толық оқу