Ақордада Того президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Aqorda. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында жоғары деңгейде…