
Алтын жүлде! Елдос Сметов – Париж Олимпиадасының чемпионы атанды (ВИДЕО)
Фото: Сали Сабиров Қазақ палуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Осылайша, Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен қашап жазды. Тараздық татами шебері осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміспен күптелген. Ал Токиодағы ойындарда Торнике…