
Назым Қызайбай: Алғашқы жекпе-жек қашан да қиын соғады
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. «Бірінші жекпе-жек болғаннан кейін шығар, кішкене қиындау болды. Енді келесі айқастарымда бұдан да жақсы жұдырықтасуға тырысамын. Олимпиаданың атмосферасы өте керемет. Адамдар да өте көп, жалпы өзіме ұнап жатыр. Жекпе-жектің басында бапкерлерімді кішкене алаңдатып жібергендей болдым. Алайда, ең бастысы қарсыласымды ұттым. Қарсыластарымның барлығы мықты….