
Демеу Жадраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Есеп: 3-1. Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады. Отандасымыз қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.