Күрестен әлем чемпионатында Қазақстан тағы екі медаль алды

Иордания астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгілер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қос қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Бұл жолы әйелдер күресінен Анна Стратан мен Ұлдана Тілеухан көзге түсті. Анна Стратан 57 келіге дейінгі салмақта грекиялық Мэри Маниді 5:1 есебімен тізе бүктірді. Ұлдана Тілеухан (65 кг) қола…

Толық оқу

Кәсіпқой бокс: Садриддин Ахмедов екі жыл үзілістен кейін рингке оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (13-0,11КО) екі жылға созылған үзілістен кейін рингке оралады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, Ахмедов 31 тамыз күні Американың Санта Инес қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға оралып, жергілікті боксшы Антонио Тоддпен (17-10,9КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Айта кетерлігі, Садриддин Ахмедов соңғы айқасын екі жыл…

Толық оқу

Футзалдан ел құрамасы Тәжікстанды тізе бүктірді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді. Кездесу барысында ел құрамасынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсагұлов және Ақжол Дәрібайдың тепкен доптары қақпаға дәл тиді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Осылайша қазақстандық футзалшылар 3:0 есебімен басым түсті. Енді екі құрама 24 тамызда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында…

Толық оқу

Жалолов енді кездессе Дычконы аямайды – Өзбекстан құрамасының бас бапкері

Фото: ©The Heavyweight Factory Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Иван Дычко мен Баходир Жалолов кәсіпқой бокста кездессе қалай болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  «Иван Дычко бабында тұрғанда біздің ауыр салмақтағы болашағынан үміт күттіретін Жалоловты жеңіп жүрді.  Ол кезде Баходир ересектер арасына енді қосылған болатын. Мен Дычкоға құрметпен…

Толық оқу

Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

Instagram/proboxtvofficial Иван Дычко Флорида штатының Плант-Сити қаласындағы ProBoxTV-дің кезекті шоуында өнер көрсетті. Оның қарсыласы америкалық Крейг Льюис болды. Кездесу қорытындысы бойынша Иван Дычко 39 жастағы Крейг Льюисті нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне жетті. Иван Дычко – Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы.

Толық оқу