
Жалғас Жұмағұлов титулды жекпе-жек өткізеді
Фото: Әлеуметтік желі Жалғас Жұмағұлов Еуропадағы ең ірі ММА промоушендердің бірінде титулдық жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 28 маусым күні Германияның Гамбург қаласында өтетін чехиялық Oktagon турнирінде (Oktagon 73) Жұмағұловтың (17-9) қарсыласы аса жеңіл салмақтағы (57 кг) қазіргі чемпион — грузиялық Бено Адамия (12-8) болады….