Ризабек Айтмұхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. 97 келіде белдескен балуанымыз қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, өзінің мықтылығын мойындатты. Алғашқы айналымда әлем чемпионы, ирандық  Абдулфаазл Бабалуды 12:1 есебімен ұтса,…

Толық оқу

Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан кейінгі жаттығуын бастады

Фото: olympic.kz Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жаттығуына кірісті. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, — деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап.  «Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Баршаңызға қайырлы күн! Олимпиададан соң алғашқы жаттығу өте керемет өтті», — деді. Сондай-ақ ақтаулық жанкүйерлері мен жанашырларын құлақтандырып, бүкіл Қазақстан бойынша турын Ақтау қаласынан бастайтынын айтты.

Толық оқу

«Қазақстан-Норвегия» матчына билет кісі қолынан қаншаға сатылып жатыр

Фото: kff.kz Бүгін 19:00–де Алматы Орталық стадионында УЕФА Ұлттар Лига аясында Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасында матч өтеді. 20 тамыз күні сатылымға шыққан бұл матчтың билеттері бір тәулік ішінде толық өтіп кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.  Ресми мәліметке сәйкес, матч билеті 2-10 мың аралығында тек онлайн сатылған. Сондай-ақ Қазақстан…

Толық оқу

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. «Нұрдәулет Жұмағалиды Париж Паралимпиадасындағы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Пара жүзу спортындағы осы күнге дейін жиған тәжірибесі мен шеберлігінің нәтижесінде бүгін Париж төрінде күміс медаль олжалап, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты. Бұл жеңісі арқылы ол елімізде пара…

Толық оқу

Ақмарал Науатбек Қазақстан қоржынына алтын медаль салды

Финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсті Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. «Ақмаралды Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандасымыз финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда жарыс қожайынын сан соқтырды….

Толық оқу