Қазақ теннисшісі Мумбайдағы жарысты жеңіспен бастады

Фото: Оlympic.kz Зарина Дияс Мумбайдағы WTA 125 турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бірінші айналымда отандасымыз латвиялық Дарья Семенистаяны 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Qazsport телеарнасының хабарлауынша, келесі матчта Зарина Дияс Маая Раджешваран Реватимен кездеседі.

Толық оқу

Садриддин Ахмедовтың алдағы қарсыласы белгілі болды

Фото: tvasports.ca Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегі қай күні өтетіні белгілі белгіленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ол 19 сәуірде Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында мексикалық Элиас Эспадеспен (23-6, 16 КО) қолғап түйістіреді. Садриддин Ахмедов 1998 жылы қазіргі Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. Әуесқой бокста 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атағын…

Толық оқу

Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Спорт журналисті бұған дейін де ҚФФ-да жұмыс атқарған еді. Нақтырақ айтсақ, Ермұхамед 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. Ал 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің…

Толық оқу

Болгариядағы жарысқа еліміздің ең үздік боксшылары қатысады

Фото: ҰОК Ақпан айында қазақ боксшылары үш бірдей ірі халықаралық турнирге қатысады. Үш жарысқа үш түрлі құраммен барады, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы massaget.kz-ке сілтеме жасап.  3 ақпан күні Испанияның Ла-Нусия қаласында «Boxam» турнирі басталады. Оған баратын боксшылар анықталып қойды. Бұл турнир World Boxing ұйымдастырып жатқан алғашқы халықаралық жарыс. Бұл жарыспен қатар Сербияда «Belgrade Winner» турнирі басталады. Ал ақпандағы…

Толық оқу

Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 2 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады. Отандасымыздың жаңа қарсыласы анықталды, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы massaget.kz-ке сілтеме жасап.  Асу бастапқыда аустралиялық Стив Эрцегпен кездесуі керек болған. Кейіннен оның өзге спортшымен шығатыны мәлім болды. Нәтижесінде отандасымыз бразилиялық Аллан Насименто жаңа қарсылас атанды. Аллан Насименто Насименто күресті жетік меңгерген. Қарсыласынан уақытынан ерте…

Толық оқу