Айбек Оралбай Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Фото: Olympic.kz Бокстан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда америкалық Джамар Таллимен кездескен болатын. Жекпе-жек толығымен Айбектің басымдығымен өтіп, қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына ие болды.

Толық оқу

Головкин қазақстандық боксшылармен кездесті

Olympic.kz-тің хабарлауынша, ҰОК басшысы Италияға арнайы келіп, бүгін бейресми жағдайда спортшылармен кездесу өткізген. Ол іріктеу турнирінің ең жауапты кезеңі алдында спортшыларға кеңесін айтып, қолдау танытты. «Мұнда біздің командаға қолдау көрсету үшін келдім. Қазір әр боксшының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Міне, осының бәрін қабылдай білу қажет. Шаршы алаңда үш раунд бойы бар күшті салып, мүмкіндікті жібермеу…

Толық оқу

Рыбакина WTA 1000 турниріне қатысады

6-17 наурызда АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін турнирдің жеребесі тартылды. Индиан-Уэллс WTA 1000 жарысын Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымнан бастап, рейтингіте 73-орындағы испаниялық Паула Бадосамен немесе америкалық Эшлин Крюгермен (№71) кездеседі. Бұл екі теннисші де турнирге арнайы шақырту алған. Тағы бір теннисшіміз Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 76-ракеткасы, германиялық Тамара Корпачпен ойнайды. Қазір…

Толық оқу

Александр Бублик алғаш рет әлемнің 20-ракеткасы атанды

Фото: ҚТФ Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді. Бұл — оның спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші. Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы…

Толық оқу

Қуат Хамитов 64 қарсыласын ұтқан чемпионмен жұдырықтасады

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (26-7-2) ресейлік Александр Шлеменкоға (64-15-1) жауап берді. Спортшылар 4 мамыр Ресейдің Челябі қаласындағы «Трактор» аренасында жұдырықтасады. Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады. «Челябіде көрісеміз, чемп», – деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі стористе. Шлеменко кәсіпқойда 2004 жылдан өнер көрсетіп, құрылғалы бері америкалық Bellator MMA лигасында жұдырықтасты….

Толық оқу