Астанада өтетін Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирден көруге болады

Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) мен франциялық Анауэл Нгамиссенгенің (14-0, 9 КО) Астанада өтетін жекпе-жегі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Елордада 5 сәуір күні болатын бокс кеші «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды. Бокс кеші…

Толық оқу

Біз Азияда болғанымызда әлем чемпионатына баяғыда шығар едік – Әли Әлиев

Фото: Қазақстан футбол федерациясы Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер міндетін атқарушы Әли Әлиев команда тізгінін одан әрі ұстағысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Қазақстан құрамасы 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясында 2-турда Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтты. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында маман ұлттық құрама сапындағы қызметін одан әрі жалғастырғысы келетінін айтты….

Толық оқу

Ауыр салмақтағы аңыз боксшы өмірден өтті

Бокс әлемінің жарық жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы Джордж Форман 2025 жылғы 21 наурызда 75 жасында өмірден озды. Бұл туралы TMZ порталы боксшының отбасына сілтеме жасап хабарлады. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. Форманның отбасы мәлімдемесінде: «Біздің сүйікті Джордж Эдвард Форман-старший 2025 жылғы 21 наурыз күні, туыстарының қасында тыныштықпен өмірден өтті», –…

Толық оқу

«100 мың доллар»: Боксшы қыздарға берілетін сыйақы көлемі еселенді

Фото: ҚР Бокс федерациясы Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне қомақты сыйақы бермек.  8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан ақшалай сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Сонымен қатар, боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы…

Толық оқу

Бокс Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді

Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.  Бастапқыда аталған спорт түрі 2022 жылдың ақпанында 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасынан шығарылған еді. Бұл шешім Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) төңірегінде туындаған мәселелерге байланысты қабылданған. 2023 жылдың маусымында…

Толық оқу