
«Қауіпсіздік сыпайылықтан жоғары тұрсын»: Сабина Алтынбекованың жазбасы көпшілікті ойландырды
Фото: Жеке парақшадан алынды Танымал спортшы, волейболшы Сабина Алтынбекова зорлық-зомбылыққа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Спорт саласының өкілі қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жасады. «Қыздарыңызға «жоқ» деп айтуды үйретіңіз. Қажет болса, қыздарыңыз дауыс көтере де білсін. Қыздарыңызға әділетсіздікке қарсы тұруды үйретіңіз. Қауіпсіздікті сыпайылықтан жоғары қоюды үйретіңіз. «Көмектесіңіз» деудің орнына «өртеніп жатыр!»…