
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында концерт өткізеді
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында «Stranger» атты жеке концертін өткізетінін мәлімдеді. Бұл жаңалық Алматыда өткен фан-кездесу кезінде жария болды, деп хабарлайды Qazaq.today сайты ZhaiyqMedia сілтеме жасап. Концерт 2025 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бұл — Димаштың АҚШ-тағы ең ірі алаңдардың бірінде алғаш өнер көрсетуі болмақ. Бұған дейін «Stranger» турының Барселона, Берлин, Лондон және Рига қалаларында өтетіні…