«Мектептерге оқулықтар уақытында берілмейді» – депутат Зәкіржан Кузиев Алтай Көлгіновке сауал жолдады
Парламент Сенатының депутаты Зәкіржан Кузиев Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке мектеп оқулықтарының мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде: «Қазіргі заманда дамудың басты кілті – білім. Біз заман талабына барынша бейім, сондай-ақ жарқын болашақты өз қолымен қалайтын жасампаз ұрпақ тәрбиелеуіміз керек», — деп атап өтті….