Ауыл оқушысы қазақ даласының хош иісі бар әтір ойлап тапты

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова ұстазымен бірге қазақ даласының хош иісі сақталған әтір шығарды, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. Мектеп оқушысының айтуынша, оны ерекше хош иіс жасауға Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы «Жусанда туған жердің иісі бар» деген қанатты сөз шабыттандырған. «Осындай сөзді естігеннен кейін, туған жердің…

Толық оқу

Биыл ҰБТ-да қандай өзгерістер болады?

Фото: Kazbilim ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Биыл біз түбегейлі өзгерістер жасамаймыз. Енді ҰБТ тапсырудың бес кезеңі бар. Естеріңізде болса, бұрын бәрі бір күнде өтетін. Осының салдарынан балалар күйзеліске түсетін, үлкен жүктеме болды. Биыл тестілеу бес рет болады,…

Толық оқу

Астанада бірқатар мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді

Фото: egemen.kz Астана қаласындағы бірқатар мектепке елімізге белгілі тұлғалардың есімі берілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.  Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес: № 20 орта мектебіне – Шәкен Аймановтың есімі берілді; № 27 мектеп-лицейге – Қасым Қайсеновтің есімі берілді;…

Толық оқу

Күнсұлу Закария вакциналарды әзірлеу бойынша әлемнің топ-ғалымдары қатарына кірді

Фото: Ақорда  International Woman’s Day (IWD) жаһандық бастамасы вакцина жасайтын аса көрнекті әйелдерді атап өтті. Қазақстандық ғалым Күнсұлу Закария «COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының тең басшысы вакцинацияны дамытуға барынша үлес қосқан әйелдердің әлемдік рейтингіне кірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Ұйымның пікірінше, Сара Гилберт (AstraZeneca), Катрин Ян ее (Pfizer), Кизмекия Корбе…

Толық оқу

Қызылордада мектеп оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті

Қызылорда қаласының 16 жастағы мектеп оқушысы Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті, деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл жобаны өнертапқыш жасөспірім QazaqGPT деп атады.Оқушының айтуынша, жоба OAI архитектурасы негізінде жасалған. Бұйрық берсеңіз сурет салады, дыбыстама жасайды. Кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады. Оның жобасы америкалық прототиптерден қарағанда ауқымды. Қазір менің білуімше, QazaqGPT-ті 2 000-нан аса адам пайдаланған….

Толық оқу