Бишімбаевтың адвокаты: Судья өрескел заңбұзушылықтарға жол берді

Фото: kursiv.media Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың мүддесін қорғаған адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. «Апелляцияға береміз, үкімге шағымдануға ниеттіміз. Қорғау тарапының пікірінше, судья өрескел процессуалдық заңбұзушылықтарға жол берді», — дейді адвокат. Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтардың жеткіліксіз болғанын айтады. «Қорғаушы тарап Бишімбаевты…

Толық оқу

Алматы мешіттерінен телефон ұрлап жүрген күдікті ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр Алматы қаласының полицейлері мешіттерде ұрлық жасап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.  Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны үш көлікті айдап кеткен және төрт рет тонау қылмысын жасаған. Қаланың криминалдық полициясының мәліметінше, күдікті мешіттерде ұялы телефондарды жасырын түрде алып жүрсе, қаланың төменгі бөлігінде бөтен адамдардың көліктерін ұрлаған. Қаскөй Алматы…

Толық оқу

Маңғыстауда кәмелеттік жасқа толмаған балалардың үйлену тойы қызу талқыланып жатыр (Видео)

Маңғыстауда 2008 жылғы жасьтардың үйлену тойы желіде қызу талқыға түсті. Себебі оның қайын атасы 1985 жылғы болса, енесі 1990 жылғы, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Тойдың Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында өткені белгілі болды. Шаңырақ көтергендердің екеуі де 2008 жылғы. Келіннің енесі де кезінде осы әулетке 16 жасында келін болып түскен екен. Видеоны таратқан әулеттің туысы жақынының тойы бұлай…

Толық оқу

“Салық төлеушілердің ақшасына оқуға барды”: Белгілі журналист “Болашақпен” оқып келген Айгүл Иманбаеваға шүйлікті

“Айгүл Иманбаеваның “ тойский” әндері қымбаттай ма, әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!” деп жазды журналист. Белгілі журналист Гүлбану Әбенова “Болашақ” бағдарламасымен Лондонда оқып келген әнші, әрі актриса Айгүл Иманбаеваға шүйлікті. Бұл туралы ол өзінің фейсбук-парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. “50 жастағы студентіміз Лондоннан елге оралды. Бір жыл бойы оның көңілі дүкен аралап,…

Толық оқу

Ұлттық ұланның 5 жігіті әскери бөлімшеден 448 млн теңгенің жанармайын ұрлаған

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және аса ірі мөлшерде жанар-жағармай жымқыру фактісі бойынша айыпталған Ұлттық ұланның 5 әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлады  Qazaq.today  тілшісі. Бұрын сот үкімімен Д., У., С., Е. аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырғандары үшін кінәлі…

Толық оқу