Бүгін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы алғаш рет Қазақстанға келеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін алғаш рет Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.   «Бүгін мен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға іссапарға шығамын. Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға Мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым болады және мен Орталық Азиядағы әріптестігімізді одан әрі дамытуды асыға күтемін. Сол жерден мен Үндістанға G20 отырысына барамын», — деп жазды ол…

Толық оқу

Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болған

Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жаппай төбелеске шамамен 25-30 адам қатысты. Төбелестің себебі әлі белгісіз. Видео сипаттамасында бұл университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған. «Жаппай төбелестің видеосын түне жіберді. Видео авторының айтуынша жаппай төбелес Алматыдағы Сатбаев университетінің жанында болған»,…

Толық оқу

Өткен аптада азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

14-21 ақпан аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.  Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, қырыққабат (3,4 пайыз) пен пияздың (2,3 пайыз) бағасы айтарлықтай өскен. Айта кетерлігі, екі айға жуық уақыт ішінде пияз бағасы бірден 50,1 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, бір аптада күріш…

Толық оқу

ЕО Орталық Азиядағы экология мәселелерін шешуге 100 млн еуро бөлмек

Римде Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастығы жөнінде екінші күн қатарынан жиын өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Конференцияға қатысушылардың бірі — ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Бауэр іс-шараның Қазақстан үшін маңызы туралы айтты. «Бұл 2019 жылдан бері алғаш рет өткізіліп отырған маңызды конференция. Орталық…

Толық оқу

«Қоспаев» қылмыстық тобын шекарадан өткізген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында «Қоспаев» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізді деген күдікпен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы ресми сайтында. Ведомствоның хабарлауынша, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптары бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) күдікке ілінген ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевқа халықаралық іздеу жариялаған болатын. «Қолда бар…

Толық оқу